ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛУДЕ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛУДЕ
✔️Бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаевтың қатысуымен Түркістан қаласындағы №3 облыстық перинаталдық орталығында «Ана мен бала денсаулығын сақтау – перинаталдық көмекті жетілдірудің өзегі» атты республикалық дөңгелек үстел өтті.
✔️Аталған шараға еліміздің 20 өңірінен келген денсаулық сақтау саласының мамандары, және Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев қатысты.
✔️Жиын барысында ана өлімін төмендету, кадрлық әлеуетті нығайту, инфрақұрылымды жаңарту, телемедицина мен цифрландыруды дамыту мәселелері талқыланып, әр аймаққа жетекші орталықтардан үйлестірушілер бекітілді. Жиын барысында қатысушылар №3 орталықтағы неонаталдық, телемедициналық, диагностикалық бөлімдердің жұмысымен танысты.
✔️Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрі Түркістан облысындағы жетекші медициналық мекеме – №1 Облыстық перинаталдық орталыққа арнайы барып, мекеменің ана мен бала денсаулығы бағытындағы жұмысымен танысты. Мұнда 2025 жылдың алғашқы 4 айында 2335 босану тіркеліп, 542 кесар тілігі жасалды.
✔️Айта кетейік, мұндағы жаңа технологиялар мен «Дені сау ана» пансионаты, Катамнез кабинеті, триаж жүйесі сынды жаңашылдықтар орталықтың жұмыс тиімділігін арттыратын мүмкіндіктеріне айналған. Сондай-ақ, өткен жылы ашылған Ұрықты қорғау орталығы (ЦОП) мен клинико-диагностикалық зертхана жүкті әйелдер мен сәбилерге жоғары дәлдікпен медициналық қызмет көрсетіп келеді.
Орталық бүгінде Түркістан облысының 8 ауданына кураторлық және санитарлық авиациялық көмек көрсетіп, өңірлік медицинаның дамуы қарқын алған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі