ТҮРКІСТАН: НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ӘУЕЖАЙ ІШІН КҮЙМЕН КӨМКЕРДІ

ТҮРКІСТАН: НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ӘУЕЖАЙ ІШІН КҮЙМЕН КӨМКЕРДІ
✔️Түркістан халықаралық әуежайында Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 100-ге жуық оқушысы бір мезетте домбыра тартып, жолаушылар мен қонақтарды өнерлерімен тәнті етті. Аталған мәдени іс-шара Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 2035 жылға дейінгі «Оқушылардың тұтас дамуы» стратегиясы аясында ұйымдастырылған «Домбыра» жобасының аясында өтті.
✔️Талантты оқушылар «Кеңес», «Нәрағашы», «Келіншек», «Тепеңкөк», «Балбырауын», «Ертұран» сынды күйлерді орындап, әуежай ішін әсем күйге бөледі. Көпшілік шынайы алғыс білдіріп, ерекше әсермен тарқасты.
✔️Іс-шара оқушылардың өнер арқылы рухани және адамгершілік құндылықтарын меңгеруіне, ұлттық мұраға деген құрметін арттыруға бағытталған. Домбыраның күмбірлеген үні көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, көрермендердің жүрегіне ұлттық рух, тәрбие мен мақтаныш сезімін ұялатты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі