ТҮРКІСТАН: САУРАНДЫҚ АЗАМАТТАР БІР ОТБАСЫҒА БАСПАНА КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

ТҮРКІСТАН: САУРАНДЫҚ АЗАМАТТАР БІР ОТБАСЫҒА БАСПАНА КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ
✔️Сауран ауданына қарасты Құмтүйін елді мекенінде «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» атты игі іс-шара өтті. Ауданның 2005 жылғы мектеп түлектері бірігіп, бір отбасыға тұрғын үй салып берді. Қайырымды азаматтардың бұл бастамасы көпке үлгі бола білді.
✔️Аталған шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов арнайы қатысып, игі іске ұйытқы болған азаматтарға алғыстарын жеткізді.
✔️- Қазақ халқы «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді. Бүгінгі игі іс – соның айқын дәлелі. Бірлік пен жанашырлық – елдігіміздің негізгі тірегі. Сіздердей жүрегі кең, жомарт азаматтардың арқасында ауданымызда осындай сауапты істер жалғасып келеді. Бұл тек бір отбасыға берілген баспана емес, қоғамдағы ізгіліктің көрінісі, – деп атап өтті аудан басшысы.
✔️Баспананың толық салынып, жабдықталуына белсенді атсалысқан азаматтарға аудан басшысы Алғыс хаттар табыстады.
✔️Айта кетейік, бұл бастама 2024 жылы қолға алынып, алғашқы баспана берілсе, биыл – тағы бір отбасы қоныс тойын тойлап отыр. Жобаны жүзеге асырып жүрген азаматтар қайырымдылық шарасы алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі