ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЕРТЕ ПІСЕТІН КАРТОПТЫ ЖИНАУ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЕРТЕ ПІСЕТІН КАРТОПТЫ ЖИНАУ БАСТАЛДЫ
✔️Биыл сарыағаштық шаруалар 2,1 мың га жерге ерте пісетін картоп өнімін егіп, қазіргі уақытта өнім жинауға кірісіп кетті. Шаруалар еңбек арқылы азық-түлік қауіпсіздігіне өз үлестерін қосып келеді.
✔️Биыл ауданда жалпы 75,7 мың га егістік жерге егін егілді. Оның ішінде 51,1 мың гектары – бұршақты және майлы дақылдар (бидай – 40,5 мың га, жүгері – 1,5 мың га, арпа – 7,9 мың га, күнбағыс –224 га, мақсары – 910 га), 479 гектары бақша, 2,1 мың гектары картоп, 10,6 мың гектары көкөніс болса, 11,5 мың гектарға мал азығы егілді.
✔️Қазіргі таңда ерте пісетін картоп алқаптары ауданға қарасты Қабланбек, Құркелес, Жарты төбе және Тегісшіл ауылдық округтерінде орналасқан.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі