
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбар елді мекені тұрғындарына «көгілдір отын» берілді. Аудан әкімі Азат Оралбаев және «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалының директоры Ақылбек Абилдиев арнайы барып, ауылдағы тұрғындардың қуанышымен ортақтасып, ізгі лебіздерін жеткізіп, газ құбырын салтанатты түрде ашты.