ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ТАНЫМАЛ РЕЖИССЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ТАНЫМАЛ РЕЖИССЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров оңтүстіктің тумасы, халықаралық деңгейде танымал режиссер Сергей Дворцевойды қабылдады. Өңір басшысы режиссерді мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтап, ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады.
✔️Кинорежиссер атқарып жатқан жұмыстары мен жоспарларымен таныстырды. Қазақстанның кинематография саласының дамуы жолында еңбек ететінін баяндады. Сонымен бірге соңғы жылдарны жүзеге асырып жатқан ірі жобасы – тайқазан туралы фильмнің жай-күйі туралы баяндады. Осы туындыны түсіруге қолдау көрсеткен облыс басшылығына алғысын білдірді.
✔️Бұл фильмді түсіру барысында тарихшылар мен зерттеушілердің, мәдениеттанушылардың пікірлері назарға алынған. Түсірілім жұмыстарының басым бөлігі Түркістан мен Қарнақта жүзеге асырылады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі