
Түркістан облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Бағланбек Айтпаевтың айтуынша, еліміздің барлық өңірлерінде жол-көлік оқиғалары өзекті мәселе болып тұр. Жолдардағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында Полиция департаменті мүдделі органдармен бірлесіп, кешенді шаралар қабылдап жатыр. Облыста күн сайын жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 290 патрульдік полиция қызметкері жұмылдырылады. Әкімдіктің қолдауымен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласына цифрлық шешімдер енгізілуде. Автомобиль жолдарында жылдамдық режимін бұзу деректерін автоматты түрде тіркеудің 25 мобильді кешені қолданылуда. Бұдан бөлек, 215 тұрақты автоматтандырылған кешені жол қозғалысын қадағалайды.