
– Биыл қала және ауыл мектептерін 1249 түлек тәмамдайды. Оның ішінде 64 оқушы – «Алтын белгіге», ал 159 оқушы – «Үздік аттестатқа» үміткер. Бұл – ұстаздарымыздың тынымсыз еңбегінің, ата-аналардың қолдауы мен оқушылардың табандылығының айқын көрінісі. Еліміздің ертеңі – білімді де саналы жастардың қолында. Сіздер тек Арыстың ғана емес, Тәуелсіз Қазақстанның мақтанышы болыңдар! – деді қала әкімі.