ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА “ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП” ЖОБАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА “ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП” ЖОБАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Бүгінде Түркістан облысында “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында мектеп кітапханалары жаңа кітап қорымен толықтырылуда. Жалпы облыста 70-ке жуық Coworking-орталық, кітапханашылар клубы, оқырман жобалары іске қосылған. Қазіргі таңда оқушы оқырмандар үлесі 80%-ды құрайды. Бұдан бөлек, облыста “Кел, балалар, оқылық!” кітапханашылар клубы құрылып, “KITAPLIKE” оқырмандар клубы және “Кітаптарды жарнамалау” жобалары қолға алынған.

Сонымен қатар, өңірде “КІТАПХАНА+ТЕАТР” жобасы, “Отбасымен бірге кітап оқимыз” атты марафон, “Каникулда кітап оқимыз” атты кең көлемді іс-шаралар ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, мектеп кітапханаларында “Оқу сағаты”, яғни әр оқушының мектепке келгенде 20 минут кітап оқу арқылы қызығушылығын арттыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Облыс көлемінде авторлық “KitapХАН@“ кітап оқу сайысын 2021 жылдан бастап жалпы пән мұғалімдері мен мектеп кітапханашылары арасында өткізу дәстүрге айналып, іс-тәжірибе республика көлемінде таратылуда.

Айта кетейік, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасымен «KitapXAH» кітап оқыту әдісін жүзеге асыру аясында ынтымақтастық орнатылған. Нәтижесінде Түркістан облысының іс-тәжірибесі республика көлемінде таратылуда.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі