
Жеке қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі кәсіпкерлік жүргізуге әкімдік тарапынан қолдау алу, инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін жер алу, жеңілдетілген несие алу мәселелерін қозғады. Мәселен, жеке кәсіпкер 2 инвестициялық жобаны жүзеге асыруға дайын екенін айтып, Түркістандағы Арнайы экономикалық аймақтан жер қарастыруды ұсынды. Облыс әкімінің орынбасары тиісті ақпараттар беріп, жаңа бастамаларды жүзеге асыруға жер қарастырылатынын жеткізді. Түлкібас ауданының тұрғыны жаңа іс бастауға 200 млн жеңілдетілген несие алуға көмек сұрады. Азаматқа жеңілдетілген несие алу талаптары түсіндіріліп, кепілдікпен несие алуға мүмкіндік бар екені айтылды. Жеке кәсіпкер Түлкібас ауданан құс шаруашылығын дамытуға ниетін білдіріп, жер сұрады. Оған Түлкібастағы индустриалық аймақтан ауыл шаруашылығы үшін арнайы «браунфилдтер» салынып жатқаны, аудандық әкімдіктен қолдау болатыны айтылды.