2025 жылғы 26 қазанда Түркістан облысының 4 сайлау округінде (Түркістан облысы бойынша: Түркістан қаласы – 1, Келес – 1, Ордабасы – 1, Сайрам - 1) болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі сайлау науқанының шеңберінде кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.
Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына ұсынылған 21 кандидаттан барлығы 5 кандидатты жеке өтініштері негізінде тіркелгенге дейін алып тастады, 16 кандидатты тіркеді.
Осылайша, қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының сайлауында орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа 3-тен астам кандидатты құрайды.
Тіркелген 16 кандидаттың 6 саяси партиялар, 10 өзін-өзі ұсынған. Оның 16 ер адам. Тіркелген кандидаттардың ұлты 15 - қазақ, 1-өзбек.
8 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады, 8 партияға тиесілігін көрсетпеген.
Орташа жас – 43 жас.
Барлық 16 кандидаттың білімі жоғары.
Кандидаттардың 2 мемлекеттік мекемелерде, 6-і коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды, 8-і жұмыспен қамтудың өзге топтарының өкілдері.
Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол 25 қазанда 00.00 сағатқа дейін жалғасады.
сілтемелер:
|
1. |
|
|
2. |
|
|
3. |
|
|
4. |