2025 жылғы 26 қазанында Түркістан облысының 4 сайлау округтерінде (Түркістан қаласы, Келес, Ордабасы, Сайрам аудандарда) болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауға кандидаттарды ұсыну аяқталды.

 

Сайлау науқанының барысында 21 - кандидат ұсынылды. Оның 6-ы саяси партиялардан, 15-і өзін-өзі ұсынды.

Ұсынылған кандидаттар  18-сі ер, 3-і әйел адам.

11 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 10 – партияда жоқ.

Орташа жас - 43 жас. Ұсынылған кандидаттардың ұлты 20 – қазақ, 1 - өзбек.

21 кандидаттың барлығының жоғары білімі бар.

Кандидаттардың 2 мемлекеттік мекемелерде; 8 – бюджеттік мекемелерде, ұйымдарда, 10 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды, 1 - жұмыссыз.

3 – кандидат өз өтінішімен кандидаттықтан бас тартты.

Қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда, 2025 жылғы 25 қыркүйектегі жағдай бойынша ұсынылған кандидаттардың 7 тіркелді.

Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж. 30 қыркүйек сағат 18.00.

Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол                25 қазан күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.

1.

Түркістан қаласы

2.

Келес ауданы

3.

Ордабасы ауданы

4.

Сайрам ауданы

Дата публикации
26 сентября 2025