Түркістан облысы бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

            2025 жылғы 30 наурызда Түркістан облысының 4 сайлау округінде (Түркістан облысы бойынша: Кентау қаласы – 1, Жетісай – 1, Мақтаарал – 1, Сарыағаш - 1) болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі сайлау науқанының шеңберінде кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.

            Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына ұсынылған 21 кандидаттан барлығы 5 кандидатты жеке өтініштері негізінде тіркелгенге дейін алып тастады, 16 кандидатты тіркеді 1 кандидат жеке өтініші негізінде тіркеуден кейін алынып тасталды.

            Осылайша, қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының сайлауында орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа 3-тен астам кандидатты құрайды.

            Тіркелген 15 кандидаттың 5 саяси партиялар, 10 өзін-өзі ұсынған. Оның      15 ер адам. Кандидаттар арасында этнос өкілдері жоқ.

            7 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады, 5 – партия қатарында жоқ, 3 партияға тиесілігін көрсетпеген.

            Орташа жас – 43 жас.

            11 кандидаттың білімі жоғары, 3 – орта кәсіптік білім, 1 кандидатта орта білімі бар.

            Кандидаттардың 8-і коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды,                      7-уі жұмыспен қамтудың өзге топтарының өкілдері.

            Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол 29 наурызда  00.00 сағатқа дейін жалғасады.

 

сілтемелер:

Кентау қаласы

Жетісай ауданы

Мақтаарал ауданы

Сарыағаш ауданы

Дата публикации
06 марта 2025