Сайлау науқанының барысында 12 - кандидат ұсынылды. Оның 4-і саяси партиялардан, 8-і өзін-өзі ұсынды.
Ұсынылған кандидаттар барлығы 12-сі ер адам.
6 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 6 – партияда жоқ.
Орташа жас - 43 жас. Ұсынылған кандидаттардың ұлты 11 - қазақ, 1-өзбек.
8 кандидаттың жоғары білімі бар, 1 кандидатта білімі арнаулы орта, 3 кандидатта білімі орта.
Кандидаттардың 3 бюджеттік мекемелерде, ұйымдарда; 9 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.
Қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда, 2024 жылғы 8 қарашадағы жағдай бойынша ұсынылған кандидаттар тіркелген жоқ.
Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж. 13 қараша сағат 18.00.
Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 7 желтоқсан күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.
Сілтемелер: