Түлкібас ауданы, №804 сайлау учаскесінде орын алған жағдай бойынша анықтама

Түлкібас ауданы, №804 сайлау учаскесінде орын алған жағдай бойынша анықтама

Әлеуметтік желіде жәшікке бюллетеньдердің жаппай салынуы туралы материал жарияланды. Басылым авторы қазір өз парақшасынан фото, видеоларды алып тастаған.

Сонымен қатар, облыстық сайлау комиссиясымен берілген бюллетень салуға арналған жәшіктердің жоғарғы жағында орналасқан кішкентай ұяшық  бір уақытта көп бюллетеньді тастауға мүмкіндік бермейді.

Аталған учаскедегі сайлау комиссиясының барлық мүшелерінен және сайлау учаскесіндегі байқаушылардан бұл факті бойынша түсініктемелер алынды және олар бұл фактіні жоққа шығарып отыр.

Жоғарыда айтылғандар негізінде, бұл оқиға жалған және шындыққа сәйкес келмейді деп қорытынды жасауға болады.

 

Түркістан облысының аумақтық

сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
20 ноября 2022