АТАМЕКЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ БОЙЫНША КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 ақпандағы отырысында:

Атамекен ауылдық округі бойынша

 

  1. 1991 жылы туылған, Жетісай ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласының тұрғыны, өзін- өзі ұсынған, «Nur Otan» партиясының мүшесі, ұлты қазақ Есалиев Берикжан Бахтиярулын;
  2. 1984 жылы туылған, Атамекен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман- есепшісі, Жетісай ауданы Атамекен ауылдық округі, Мақташы ауылының тұрғыны, «Nur Otan» партиясы ұсынған, осы партияның мүшесі, ұлты қазақ Жандаров Ербол Кыдыровичті;
  3. 1974 жылы туылған, Атамекен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман- жер инспекторы, Жетісай ауданы, Атамекен ауылдық округі тұрғыны, өзін- өзі ұсынған, ұлты қазақ Канжигитов Нурлыбек Бекболатовичті;
  4. 1991 жылы туылған, Жұмыссыз, Нұр-сұлтан қаласының тұрғыны, өзін- өзі ұсынған, ұлты қазақ Муташов Шынболат Кындыбаевичты;
  5. 1979 жылы туылған, Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің айқындаушысы, Жетісай ауданы, Жетісай  қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған, «Nur Otan» партиясының мүшесі, ұлты қазақ Мырзантегі Марғұлан Серікбайұлын тіркеді.
Дата публикации
23 февраля 2022