Түркістан облысы Сайрам ауданы Арыс ауыл округі әкімін сайлау қорытындысы бойынша МӘЛІМЕТ

Сайрам ауданындағы Арыс ауыл округі әкімінің өкілеттігі мерзімінің бітуіне байланысты  сайлау 2021 жылдың 21 қарашасына тағайындалды.

Сайлауды өткізуге бір аумақтық және  үш учаскелік сайлау комиссиялары қатысты.

Арыс ауыл округі  бойынша барлығы   3 үміткер  ұсынылды:  «Nur Otan»  партиясынан -1 үміткер, өзін –өзі ұсыну ретімен - 2 үміткер.

         1 үміткер мемлекеттік қызметкер /бұрынғы Арыс ауыл округінің әкімі/; 1 үміткер бюджеттік мекеме қызметкері / «Қарабұлақ» Сайрам аудандық емханасының УЗИ дәрігері Абдуллаев С.А./; 1 үміткер - жеке кәсіпкер «Исмайлов»;

               Үміткер  Абдуллаев С.А.- 2021 жылдың 17 қарашасында денсаулығына байланысты өзінің жеке өтініші бойынша кандидатурасын алған.

Сайлау бюллетеніне 3 үміткер енгізілді.

5361 сайлаушының  4578-і дауыс беруге қатысқандар, ол 85% құрады.

Дауыс беру қорытындысымен Арыс ауыл округінің әкімі лауазымына  «Nur Otan»  партиясы ұсынған, Арыс  ауыл округінің әкімі, 1976 жылы туылған, 3695 дауыспен, /80,7%/    Сиддиков Музаффар Эгамбердиевич сайланды.

Аудандағы 3 сайлау учаскелерінде  үміткерлердің  9 сенім білдірген адамдары, 5 байқаушылары / «Nur Otan»  партиясынан-3, БАҚ- 2/ «ELNUR TV» теледидары -1;Сайрам ауданы әкімдігінің прессасы/ тіркелді

 

                  Сайлау заңнамасын бұзу деректері тіркелмеді.

 

Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
25 ноября 2021