Түркістан облысы Төлеби ауданы Алатау ауыл округі әкімін сайлау қорытындысы бойынша МӘЛІМЕТ

Алатау ауыл округі әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын бітуіне байланысты, сайлау 2021 жылы 21 қарашаға  тағайындалды.

Сайлауға бір аумақтық және  бес учаскелік сайлау комиссиялары қатысты.

Алатау ауыл округі әкімінің сайлауына  барлығы   5 үміткер  ұсынылды:  «Nur Otan»  партиясынан -1 үміткер, өзін –өзі ұсыну ретімен - 4 үміткер.

         1- үміткер мемлекеттік қызметкер: /Төлеби ауданындағы спорт және дене шынықтыру бөлімі»ММ басшысы/; 3- үміткер бюджеттік мекеме қызметкерлері / «Екпінді» жалпы білім беру орта мектебі» КММ директорының орынбасары, «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облыстық филиалының Төлеби аудандық әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі, «Түркістан облыстық су спорты арнайы балалар олимпиядалық резерві мектебі» КММ заңгері, 1үміткер- жеке кәсіпкер.

      Тіркеуден кейін 1 үміткер /Есболов Нуркен Ширинбекович/ денсаулығына байланысты өзінің жеке өтініші бойынша кандидатурасын алды.     

      Өзін-өзі ұсынған үміткерлер Ажибаев Сакен Кылышбекулын, Абдукаимов Бахтыгали Ордабековичті, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен /полиция хатының негізінде/ үміткерлер ретінде тіркеуден бас тартылды, бірақ соттың шешімімен қалпына келтіріліп, үміткерлер ретінде тіркелді. 

Сайлау бюллетеніне 4 үміткер енгізілді.

4470 сайлаушының  2020-ы дауыс беруге қатысқандар. /45,2%/

Дауыс беру қорытындысымен Алатау ауыл округінің әкімі лауазымына  «Nur Otan»  партиясы ұсынған, «Төлеби ауданының спорт және дене шынықтыру бөлімі»,ММ жетекшісі, 1977 жылы туылған, 69,9% дауыспен,  Курбаналиев Мадияр Мадибекович сайланды.

Аудандағы 5 сайлау учаскелерінде  үміткерлердің  18 сенім білдірген адамдары, 14 байқаушылары / «Өгем»-9»ҚБ, «Партиясыз байқаушылар орталығы» РҚБ-3, «Жалын» Жастар мекемесі» ҚБ-2, БАҚ- 1, ««Nur Otan»  партиясынан-6/ тіркелді

                  Сайлау кезінде прокуратура органына және сотқа өтініштер түскен:  2021 жылдың 10 қарашасында аудан прокуратурасына, полиция бөлімінің хатын қайта тексеру мен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының тіркеуден бастарту туралы шешімін бұзу туралы С.Ажибаевтың өтініші түсті. Прокуратураның хаты, облыстық аумақтық сайлау комиссиясы арқылы 2021 жылы 15 қарашасында, Төлеби аудандық аумақтық сайлау комиссиясына заң талаптарына сай қарау үшін жолданған. Төлеби аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылдың 16 қарашасындағы , соттың шешімімен С.Ажибаев үміткер ретінде тіркеліп,өзінің сайлау алды үгіт-насихатын бастағаны туралы № 258 жауап хаты –облыстық аумақтық сайлау комиссиясы мен аудан прокуратурасына жолданды.

/Абдукаимов Бахтыгали Ордабекович Түркістан облыстық мамандандырылған ауданаралық  әкімшілік сотына ғана жүгінген./

2021 жылы 21 қарашаға тағайындалған Алатау ауыл округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу кезеңінде ауыл округі әкіміне үміткерлер ретінде тіркеу туралы 5 азамат /М.Құрбаналиев «Nur Otan» партиясынан ұсынылған, К.Батанов,Н.Есболов,С.Ажибаев,Б.Абдукаимов-өзін-өзі ұсынғандар/ өтініш білдірген. Алатау ауыл округі әкімі лауазымына үміткерлерді тіркеу үшін, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-4 бабының талаптары негізінде, Төлеби аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Төлеби аудандық полиция бөліміне  үміткерлер С.Ажибаев пен Б.Абдукаимовты  қолдау үшін қол қою парақтарындағы мәліметтердің растығын анықтау мақсатында 2021 жылдың 05қарашасы №244 және 2021 жылғы 08 қарашасы № 245 шығыс хаттарын жолдаған.

 Аудандық полиция бөлімінің 2021 жылғы 10 қарашадағы № 1-1-8-80/5327и және № 1-1-8-80/5341и санды, үміткерлер С.Ажибаев пен Б.Абдукаимовты қолдап  қол қою парақтарындағы сайлаушылардың қол таңбаларын тексеру қорытындысы туралы мәліметтер Төлеби аудандық аумақтық сайлау комисиясына жолданған, онда үміткер С.Ажибаевты қолдап қол қойған 80 қолтаңбаның, 1 азаматы екі рет қайталанған, 6 азаматтың жеке куәліктерінің нөмірлері сәйкес келмейді,32 азаматтың мәліметтері  тізімдегі мәліметтермен сәйкес келмейді және үміткер Б.Абдукаимовты қолдап қол қойған 56 сайлаушының,24 азаматтың мекенжайы мен 1 азаматтың қолтаңбасы /барлығы 25 азамат/ тізімдегі мәліметтермен сәйкес келмейді. Төлеби аудандық полиция бөлімінің 2021 жылғы 10 қарашадағы мәліметінің негізінде,  С.Ажибаев пен Б.Абдукаимовты Алатау ауыл округі әкімі лауазымына үміткер ретінде тіркеуден бас тарту туралы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы шешім қабылдады. С.Ажибаев /10.11.2021ж/ және Б.Абдукаимов /12.11.2021ж/ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімін бұзу туралы Түркістан облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына талап берді. 

Түркістан облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2021 жылғы 12 қарашадағы № 5194-21-00-4/380 санды шешімімен С.Ажибаевтың талабы қанағаттандырылды. / Алатау ауыл округі әкімі лауазымына үміткер С.Ажибаевты  үміткер ретінде тіркеуден бас тарту туралы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі заңсыз деп танылсын, Төлеби аудандық полиция бөлімінің 2021жылғы 10 қарашадағы № 1-1-8-80/5327и санды хатындағы заңға қайшы ұсынылған ақпаратты заңсыз деп танылсын/.

Аумақтық сайлау комиссиясы,Түркістан облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 12 қарашадағы № 5194-21-00-4/380 санды шығарған шешімін бұзу және үміткер С.Ажибаевтың талап арызын қараусыз қалдыру туралы, апелляциялық шағым берді.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының апелляциялық шағымын,Түркістан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы қарап, Түркістан облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімін күшінде қалдырды.

Б.Абдукаимовтың Алатау ауыл округі әкімі лауазымына үміткер  ретінде тіркеуден бас тарту туралы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі заңсыз деп тану және Төлеби аудандық полиция бөлімінің 2021жылғы 10 қарашадағы № 1-1-8-80/5341и санды хатындағы заңға қайшы ұсынылған ақпаратты заңсыз деп тану туралы талабы 2021 жылы 15 қарашада сотта қаралып,соттың шешімімен талап арыз қанағаттандырылды

Соттардың шешімдерінің негіздерінде, С.Ажибаев және Б.Абдукаимов 2021 жылдың 15 қарашасында Төлеби ауданындағы Алатау ауыл округі әкімінің лауазымына үміркетлер ретінде тіркелді.

2021 жылғы2 1 қарашада болатын сайлауға,бүгінгі күнге Төлеби ауданы Алатау ауыл округі әкімінің лауазымына тіркелгендер: «Nur Otan» партиясынан ұсынылған М.Курбаналиев, өзін-өзі ұсынғандар К.Батанов,С.Ажибаев, Б.Абдукаимов.

Үміткерлер күнтізбелік жоспарға сай сайлау алды үгіт-насихаттарын жүргізді.

Сайлау күні  /2021 жылы 21 қараша 14:56/  Төлеби аудандық аумақтық сайлау комиссиясына аудан прокуратурасынан үміткер С.Ажибаевтың сенім білдірген адамы Б.Қлышбекұлының «Екпінді ауылындағы № 739 сайлау учаскесінің комиссиясы сайлау басталғанда операторды сайлау учаскесіне кіргізбей қойды» деген өтініші түскен. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы, болған жағдайды анықтау мақсатында, № 739 учаскелік сайлау комиссиясынан сол кездегі  сайлау учаскесінде болғандардан/байқаушылар/ түсініктер алынды,растайтын құжаттарымен. Алынған актілер мен түсініктемелер 2021 жылғы 21 қарашадағы № 259 санды хатпен аудан прокуратурасына және үміткердің сенім білдірген адамы Б. Қлышбекке жолданды мәлімет үшін.

 

Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
25 ноября 2021