Түркістан облысы Төлеби ауданы Кемеқалған ауыл округі әкімін сайлау қорытындысы бойынша МӘЛІМЕТ

Кемеқалған ауыл округі әкімі өкілеттігі мерзімінің бітуіне байланысты  сайлау тағайындалды.

Бір аумақтық және  алты учаскелік сайлау комиссиялары қатысты.

Округ бойынша барлығы   5 үміткер  ұсынылды:  «Nur Otan»  партиясынан -1 үміткер, өзін –өзі ұсыну ретімен - 4 үміткер.

         1 үміткер мемлекеттік қызметкер/Дарибоев Дусимжон Кудайбергенұлы- Кемеқалған ауыл округінің әкімі/; 2 үміткер бюджеттік мекеме қызметкерлері /Жанжигитов Азимхан Буриханович- Төлеби ауданы әкімшілігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,жолаушылар тасу және автомобиль жолдары бөлімінің «Ленгір су» МКМ заңгері/; Назаров Сержан Аскарович- № 121 Текесу жалпы білімберу орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі/; 1 үміткер-Салибеков Арман Ермекович- уақытша жұмыссыз; 1үміткер- қоғамдық мекеме қызметкері /Әлемдегі қазақтар ассоциациясы» РҚБ Шымкент және Түркістан облысы аймағы филиалы меңгерушісінің орынбасары/;

  1. 1 үміткер – мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес келмейді /Назаров Сержан Аскарович/; 2 үміткер  өз өтініштері бойынша кандидатураларын алған. /Жанжигитов Азимхан Буриханович, Рысбеков Бегалы Мейркулулы/;

Сайлау бюллетеніне 2 үміткер енгізілді.

2710 сайлаушының  2234-і дауыс беруге қатысқандар. /82,4%/

Дауыс беру қорытындысымен Кемеқалған ауыл округінің әкімі лауазымына  «Nur Otan»  партиясы ұсынған, Кемеқалған ауыл округінің әкімі, 1983 жылы туылған, 90,06% дауыспен,  Дарибоев Дусимжон Кудайбергенович сайланды.

Аудандағы 6 сайлау учаскелерінде  үміткерлердің  4 сенім білдірген адамдары, 21 байқаушылары / «Шамшырақ» жастар ұжымы-3, «Өгем» ҚБ-4, «Партиясыз байқаушылар орталығы» РҚБ-2, «Жалын» Жастар мекемесі» ҚБ-5, БАҚ- 1, ««Nur Otan»  партиясынан-6/ тіркелді

                  Сайлау заңнамасын бұзу деректері тіркелмеді.

 

 

Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
25 октября 2021