ХАБАРЛАМА 2021 жылғы 03 қазан айында Сауран ауданы Шорнақ және Майдантал ауылдарының әкімдерінің екі сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

         2021 жылғы 03 қазан айында Сауран ауданы Шорнақ және Майдантал ауылдарының әкімдерінің екі сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Сауран ауданы Шорнақ және Майдантал ауылдарының әкімдерінің сайлауының нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Шорнақ сайлау округі

Шорнақ ауылы әкімінің сайлауы бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 6 316 азамат енгізілді, олардың 5256 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 1193, "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі – 0.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Баймуратов Б.А. –4500; Байжанов А.С. – 733.

 

Шорнақ ауылының әкімі болып Баймуратов Бердали Аширбекович сайланды, 08.11.1961 жылы туған, жеке кәсіпкер. Шорнақ ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясынан ұсыну тәртібі бойынша ұсынылды.

 

Майдантал сайлау округі

Майдантал ауылы әкімінің сайлауы бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1763 азамат енгізілді, олардың 1518 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 360,

"Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі – 0.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Исаев Б.И. –51; Досболов Ж.М. – 1449.

 

Шорнақ ауылының әкімі болып Досболов Жандос Муратович сайланды, 01.07.1983 жылы туған. Директор ЖШС «Ломбард Алтын Казына». Түркістан қаласында тұрады, «Өзін-өзі» ұсыну тәртібі бойынша ұсынылды.

 

 

                                              Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
10 октября 2021