2021 жылғы 05 қыркүйекте Төлеби ауданыны Ленгір қаласы әкімінің бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

2021 жылғы 05 қыркүйекте Төлеби ауданыны Ленгір қаласы әкімінің бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

Төлеби аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Төлеби ауданы Ленгір қаласы әкімі сайлауының нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Ленгір сайлау округі

Ленгір қаласы әкімінің сайлауы бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 19 586 азамат енгізілді, олардың 17 184-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 170, "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі – 181.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Құлышев Н.Ө. – 16 071; Мұсабеков А.Н. – 762

 

Ленгір қаласының әкімі болып Құлышев Нұргелді Өсербайұлы сайланды, 1983 жылы туған, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Төлеби аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің директоры қызметін атқарады, Ленгір қаласында тұрады, «Өзін-өзі» ұсыну тәртібі бойынша ұсынылды.

 

 

 Төлеби аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
27 сентября 2021