Ауыл әкімдерінің сайлауындағы дауыс беру қорытындысы бойынша

      Аудандық, қалалық аумақтық сайлау комиссиясынан дауыс берудің қорытындысы бойынша келіп түскен хаттамалық шешімдердің негізінде Түркістан облысындағы ауыл әкімдерінің сайлауы жөнінде дауыс берудің қорытындысын мәлімдеймін:

     Түркістан облысындағы барлық 60 сайлау округтерінде ауыл әкімдері лауазымдарына тікелей сайлаулар өткізілді.

        Сайлауларды жарамсыз деп тану  және  сайлауларды қайта өткізу туралы негіздер болған жоқ. Сайлау бюллетендеріне 166 үміткерлер енгізілді. Оның ішінде саяси партиялардан ұсынылғандар: «Nur Otan» партиясынан -47,  «Ауыл» ХДП партиясынан -18, «Қазақстанның «Ақ жол» ДП – 3, «ADAL» саяси партиясынан -5, ҚХП-2, ЖҰСДП -2, өзін-өзі ұсынған үміткерлер -89;

   Тек саяси партиялардың өкілдерінен ұсынылған үміткерлерден тұратын  бірде-бір сайлау округтері жоқ. Бес сайлау округтерінде тек өзін-өзі ұсынған үміткерлер-ғана /Олар Арыс қаласындағы Байырқұм ауыл округі, Сайрам ауданындағы Құтарыс ауыл округі, Отырар ауданындағы Аққұм ауыл округі, Төлеби ауданындағы Аққұм ауыл округі, Түлкібас ауданындағы Келтемашат ауыл округі/.

     Ауыл округі әкімі лауазымына ұсынылған үміткерлерді тіркегеннен кейін, әртүрлі себептермен 44 үміткерлер тіркеуден алынып, облыс бойынша 20 ауыл округтерінде – 2 үміткерден, 34 ауыл округінде – 3 үміткерден, 6 ауыл округтерінде- 4 үміткерден қалды.

    2.Сайланғандардың сапалы құрамы

  Сайланған 60 ауыл әкімдерінің: 16-мемлекеттік қызметкерлер, 21- екі жоғары білімі барлар, оның ішінде нақты ауыл округтерінде қайта сайланғандар -17, басқа ауыл округтерінің әкімдері - 6, коммерциялық саланың өкілдері -4, бюджеттік мекеменің қызметкерлері - 8, уақытша жұмыс істемейтіндер -1, 1-уі әйел азаматы;

    Экономистер – 20 /33.3%/, заңгерлер – 9 /15%/, инженерлер -6 /10%/, мұғалімдер – 6 /10%/, политологтар -1 /1,6%/, басқа мамандықтардан -18 /30%/.

   Орта жас -46,7: Ең жас сайланған әкім Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауыл округіндегі Ауезов Бакытжан Бакирулы- 29 жаста; Ең жасы үлкен Төлеби ауданындағы Киелітас ауыл округіндегі Төребеков Полат Әшірбекұлы - 61 жаста; Ұлттары бойынша: қазақтар -58 адам, өзбектер -2 адам.

     Сайланған 60 әкімдердің:  44- сайлау өткен ауыл округтерінен , 4- аудандардан,  12- басқа ауыл округтерінен;  Сайланған ауыл әкімдерінің 43 саяси партияларымен ұсынылған: «Nur Otan» партиясынан -41,  «Ауыл» ХДП партиясынан -1, «ADAL» саяси партиясынан -1, өзін-өзі ұсынғандар-17;

3.Дауыс беру нәтижесі

       Ең көп дауыс алған әкім Сарыағаш ауданындағы Жібек жолы ауыл округінен 8839 дауыс.

       Қазығұрт ауданындағы Жігерген ауыл округіндегі сайлаушылардың дауыстарындағы ең төменгі алшақтық/ 654-605=49 дауыс/

   Сайлау бюллетендерін қайталап  санау сайлау учаскелерінде өткізілмеді.

 Соттарға, жоғары тұрған комиссияға сайлау комиссияларының іс әрекеттері туралы арыз-шағымдар түспеді.

Дата публикации
26 июля 2021