Түркістан облысындағы ауыл әкімдерінің сайлауы бойынша үміткерлердің тіркелуі нәтижелері туралы мәлімет

     Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысының Жарлығының негізінде ағымдағы жылдың 25 – шілдесінде Түркістан облысының 181 – ауыл округтерінің ішінен өкілеттік мерзімі біткен және өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған – 60 ауыл округтері әкімдерінің тікелей дауыс беру арқылы сайлауы өткізіледі.

    Сайлауға дайындық жұмыстары аудандық, қалалық аумақтық сайлау комиссияларының шешімдерімен бекітілген – негізгі іс – шаралардың күнтізбелік жоспарларына сәйкес кезең – кезеңімен жүргізілуде.

     Өткен аптадағы сіздермен өткізілген брифингте мен облыс аумағындағы сайлау комиссияларындағы ауыл әкімдігіне үміткерлердің ұсыну нәтижелері бойынша баяндаған болатынмын.

     Бүгінгі брифингте ауыл әкімдігіне үміткерлердің тіркелу қорытындысы бойынша мәлімет беремін.

    Бекітілген күнтізбелік жоспар бойынша үміткерлерді тіркеу мерзімі ағымдағы жылдың 26 – маусымынан 14 – шілдесі сағат 18.00 – ге дейін, барлығы 18 күн. Осыған байланысты үміткерлерді тіркеу мерзімі кеше, яғни 14 – шілде сағат 18.00 – де аяқталды.

     Өздеріңіз білетіндей, сайлау болатын 60 – сайлау округінде барлығы – 285 үміткерлер ұсынылды. Оның ішінде – 98 үміткер саяси партиялардан, 187 үміткерлер өзін – өзі ұсынғандар.

    Ағымдағы жылдың 14 – шілдесіндегі сағат 18.00 – ге аумақтық сайлау комиссияларында 214 үміткерлер тіркелді. Оның ішінде, 84 үміткер – саяси партиялардан, 130 үміткер – өзін – өзі ұсыну жолымен тіркелгендер.

    Тіркелудің қорытындысы бойынша әр әкімнің орнына 3,5 адамнан.

    Үміткерлердің ең көп тіркелген сайлау округі – Сарыағаш ауданындағы Құркелес ауылдық округінде.

    Сайлау болатын 60 – сайлау округіндегі:

- 6 округінде – 2 үміткерлерден;

- 27 округінде – 3 үміткерлерден;

- 17 округінде – 4 үміткерлерден;

- 7 округінде – 5 үміткерлерден;

- 2 округінде – 6 үміткерлерден;

- 1 округінде – 7 үміткерлерден тіркелген.

    60  сайлау округіндегі 26 – округінде бір саяси партиядан, 24 округінде – 2 саяси партиядан, 4 округінде – 3 саяси партиядан үміткерлер тіркелген, ал 6 округінде тек өзін – өзі ұсынғандар тіркелген.

    Саяси партиялардан:

- «Нұр Отан» саяси партиясынан – 48;

- «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық саяси партиясынан – 19;

- «Ақ жол» саяси партиясынан – 6;

- «АDAL» саяси партиясынан – 5;

- ЖСДП саяси партиясынан – 3 үміткерлер тіркелген.

     Ағымдағы жылдың 14 – шілдесіне дейін әр түрлі себептермен 71 үміткерлер алынып тасталды.

    Оның ішінде:

- 33 үміткер ҚР Мемлекеттік қызмет туралы заңының талаптарына сай емес.Оның ішінде саяси партиядан 5 үміткер: «АDAL» - 1, ҚХП – 1, «Ақ жол» - 3.

- 18 үміткерлер өз өтініші бойынша тіркеуден бас тартты.

    4 үміткерлер өз өтініштері бойынша тіркеуден алынылып тасталды, оның біреуі «АDAL» партиясынан қалған 3 – еуі өзін – өзі ұсынғандар.

    14 шілде күні 23 үміткерлердің құжаттары толық болмау себебінен тіркеуден бас тартылды.

    8 үміткер сайлау жарнасын құймау себебінен тіркеуден бас тартылды.

    23 қол қою парағы тексерілуге жіберілмеді.

    60 сайлау округінде:

1 саяси партиялық – 26 округ;

2 саяси партиялық – 24 округ;

3 саяси партиялық – 4 округ және 6 округте тек қана өзін – өзі ұсынған үміткерлер тіркелді.

   Тек қана саяси партиядан ұсынылған округтер жоқ.

    4 үміткер қайтадан әкім болып сайлану үшін бағын сынамақ.

    Үміткер болып ұсынылған: 31 – қызметтегі әкім, 74 – мемлекеттік қызметте, 19 – коммерциялық саладағы өкілдер, 70 – бюджеттік саладағы қызметкерлер, 1 – жұмыссыз адамдар.

   210 үміткердің ішінде 10 (4,7%) әйел адам, оның ішінде 4 – еуі саяси партиядан, «Ауыл» партиясынан – 1 еу, «Адал» партиясынан – 2 еу, «Ақ жол» патиясынан – 1 үміткер.

   Экономисттер – 17 (8,9%), заңгерлер – 16 (7,6%).

   Орташа жас – 45 жас, ең жас үміткер – 27 жаста.

   113 (53,8%) үміткер өзінің ауданында, ауылдық округінде тұрады.

  87 (41,4%) үміткер өзінің ауданында басқа ауылдық округте тұрады.

   6 (2,8%) үміткер облыста тұрады.

   8 (3,8%) үміткер басқа облыста тұрады.

   Ең көп сайлаушылар саны Келес ауданы, Абай ауылдық округінде – 12655 адам. Ең аза сайлаушылар Сарыағаш ауданы, Әлімтау ауылдық округінде – 805 адам.

    Түркістан облысы

  1. ОБЛ - https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/documents/details/191851?directionId=14383&lang=kk
  2. АРЫС - https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-arys/documents/details/188498?directionId=14444&lang=kk
  3. КЕНТАУ - https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/article/details/56824?directionId=13745&lang=kk
  4. БӘЙДІБЕК АУДАНЫ - https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/documents/details/192060?lang=kk
  5. ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ - https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhetisai/documents/details/188061?directionId=12342&lang=kk
  6. ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ - https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kazygurt-audany/documents/details/191237?directionId=12922&lang=kk
  7. КЕЛЕС АУДАНЫ - https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/activities/12774?lang=kk
  8. МАҚТААРАЛ АУДАНЫ - https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/documents/details/189132?lang=kk
  9. ОРДАБАСЫ АУДАНЫ - https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/documents/details/188970?lang=kk
  10. ОТЫРАР АУДАНЫ - https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/activities/12833?lang=kk
  11. САЙРАМ АУДАНЫ -  https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sairam-audany/documents/details/190397?directionId=12764&lang=kk
  12. САРЫАҒАШ АУДАНЫ - https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/documents/details/190403?directionId=12746&lang=kk
  13. САУРАН АУДАНЫ - https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/documents/details/189738?directionId=14404&lang=kk
  14. СОЗАҚ АУДАНЫ - https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/documents/details/191198?directionId=12833&lang=kk
  15. ТӨЛЕ БИ - https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/documents/details/190872?directionId=12354&lang=kk
  16. ТҮЛКІБАС АУДАНЫ- https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tyulkubas-audany/documents/details/191052?directionId=12745&lang=kk
  17. ШАРДАРА АУДАНЫ - https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/documents/details/191873?directionId=12341&lang=kk
Дата публикации
15 июля 2021