Түркістан облысы аумақтық сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 3) тармақшасына және 95-бабының 1-тармағына сәйкес, «2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттар сайлауын өткізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдеде № 1338 Жарлығына сәйкес, 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттар сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 1 шілдедегі 26/41 қаулысына сәйкес Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссияларының құрамдарын, орналасқан жері және жұмыс уақытын хабарлаймыз.
Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Түркістан қаласы, Жаңа қала шағынауданы, 28 көше, 429-ғимарат, телефоны: 8 (72533) 5-95-03.
Комиссия төрағасы –Аңсар Жаңабайұлы ӨСЕРБАЕВ;
Төрағаның орынбасары –Бахытбек Сембекұлы ХАСАНОВ;
Хатшысы –Мұрат Серікбайұлы БАЗАРҚҰЛОВ;
Комиссия мүшелері:
Аумақтық сайлау комиссиясының жұмыс уақыты – 09.00–18.30,
түскі үзіліс – 13.00–14.30.