Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
n.kusherov@ontustik.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Көшеров Нұралхан Оралбайұлы
Түркістан облысының әкімі
Общая информация, образование

Көшеров  Нұралхан  Оралбайұлы 1984 жылы 20 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келген.

Білімі - жоғарғы. 

2005 жыл - М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті;

2007 жыл - Қазақ Гуманитарлық заң университеті; 

2019 жыл - Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы».

Мамандығы: қаржы және несие, заңтану, мемлекеттік және муниципалды басқару.

Карьера

Еңбек жолын 2005 жылы "Береке" ЖШС бухгалтер-инспекторы, экономист-инспекторы болып бастаған.

2007-2008 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі;

2008-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті салықтық заңнамаларды түсіндіру және жетілдіру басқармасының сарапшысы.

2009-2010 жылдары Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Алматы, Есіл аудандары бойынша Салық басқармасының бас маманы;

2010-2011 жылдары Астана қаласы бойынша Салық департаменті Есіл ауданы бойынша Салық басқармасы (негізгі қызметкердің оқу демалысы уақытына) бастығының орынбасары;

2011-2013 жылдары Астана қаласы бойынша Салық департаменті Есіл ауданы бойынша салық басқармасы бастығының орынбасары;

2013-2014 жылдары Астана қаласы бойынша Салық департаменті Есіл ауданы бойынша салық басқармасы басшысының орынбасары;

2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Астана қаласы бойынша Салық департаментінің басшы орынбасары, Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшы орынбасары;

2015-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары;

2018 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы;

2018-2021 жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы  министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы;

2021-2023 жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы  министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы;

2023-2025 жылдары Түркістан облысы әкімінің орынбасары;

2025 жылғы қаңтардан бастап Түркістан облысының әкімі.

 

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты