Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Халықаралық отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Халықаралық отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Отбасы – қоғамның іргетасы, әрбір адамға өмірдің кез келген сәтінде тірек болар рухани құндылықтардың, сүйіспеншілік пен қамқорлықтың бастауы. Қазақ халқының мәдениетінде ата-анаға құрмет, ұрпақтар сабақтастығы және бала тәрбиесіне жауапкершілік ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан берік дәстүрлерге негізделген. Бұл құндылықтар заманауи қоғамдағы өзгерістерге қарамастан, өзінің өзектілігін жойған емес.

Әрбір отбасыға татулық, өзара түсіністік, жылылық пен береке тілеймін. Сүйіспеншілік пен қолдау, шаттық пен қуаныш әрдайым сіздердің шаңырақтарыңызда үстемдік етсін. Өскелең ұрпақ сенім мен қамқорлыққа толы ортада тәрбиелене берсін.

Құрметпен,

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

Артур Ластаев