Аналар күнімен!

Аналар күнімен!

Құрметті ханымдар!
Аяулы аналар!

Мамыр айының нұрлы да шуақты осы бір жексенбісінде жүрегімізге ең жақын жандар – аналарға деген ерекше ықылас пен құрметімізді білдіреміз. Аналар күні – шексіз махаббаттың, мейірім мен жанқиярлықтың, парасат пен даналықтың мерекесі.

Ана махаббаты – бүкіл ғұмырдың тірегі, қайрат пен шабыттың қайнары. Сіздердің мейірімге толы жүректеріңіз бұл дүниені жылылық пен ізгілікке бөлейді.

Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, баянды бақыт, отбасы берекесі мен жан тыныштығын тілеймін. Балаларыңыз әрдайым қуаныш сыйлап, әрбір шаңырақта татулық пен сүйіспеншілік үстемдік етсін!

Құрметпен,
Артур Ластаев
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл