Бүгін – ұрпақтар сабақтастығын айқындайтын, жүректерге мақтаныш пен алғыс сезімін ұялататын ерекше күн – Ұлы Жеңістің 80 жылдығы.
Отан қорғаушылардың ерлігі, тыл еңбеккерлерінің табандылығы мен соғыстың ауыр сынақтарынан өткен миллиондаған жандардың батырлығы – халық жадында мәңгі сақталады. Олардың жанқиярлықпен көрсеткен ерлігі мен әділдікке деген сенімі – бүгінгі бейбіт өміріміздің берік іргетасы.
Біздің қасиетті борышымыз – тарихи шындықты сақтау, азаттық пен адамзат абыройын қорғағандарға деген құрметті ұрпақ санасына сіңіру. Ардагерлерге қамқорлық көрсету мен Жеңіс жолындағы ерлікті кейінгі буынға жеткізу – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі.
Әр шаңырақта амандық пен татулық, бейбіт аспан мен береке орнасын!
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
Құрметпен,
Артур Ластаев
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл