Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясындағы (ЕКПА) Қазақстан бойынша баяндамашы Жолт Неметпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Омбудсмен институтының қызметі таныстырылып, адам құқықтарын қорғау, құқықтық ағартуды дамыту және институционалдық әлеуетті арттыру бағытындағы негізгі шаралар баяндалды.
Тараптар адам құқықтары, демократия және заң үстемдігі саласындағы стандарттарды ілгерілету мақсатында Еуропа Кеңесімен өзара әріптестікті нығайтуға және диалогты жалғастыруға мүдделі екендерін жеткізді.