Халықаралық мүгедектер құқығы үшін күрес күні

Халықаралық мүгедектер құқығы үшін күрес күні

Халықаралық мүгедектер құқығы үшін күрес күні – теңдік, құрмет және ынтымақтастық қағидаттарының маңызын еске салатын күн.

Мүгедектігі бар адамдар – қоғамның толыққанды мүшелері. Олардың құқықтарын қорғау – баршамызға ортақ міндет. Дискриминацияның кез келген көрінісіне мүлде жол берілмеуі тиіс.

Кедергісіз орта қалыптастыру, білімге, денсаулық сақтауға, еңбекке және қоғамдық өмірге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету – бұл ізгі ниеттен емес, халықаралық және конституциялық міндеттемелерден туындайтын нақты борыш.

Әділетті әрі қуатты қоғам – әрбір азаматына көрсетілетін қамқорлық деңгейімен өлшенеді.