Ұлттық алдын алу тетігінің Үйлестіру кеңесінің мүшелері превентивтік сапарлардың тиімділігін арттыру мақсатында қатысушылар мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдеріне арналған 10 оқыту тренингін өткізді.
Вебинарлар сериясының қорытындысы ретінде Фарида Сағындық Оқу-ағарту министрлігіне қарасты балалар мекемелеріне мониторинг жүргізудің ерекшеліктеріне арналған вебинар өткізді. Қатысушылар кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына, отбасы үлгісіндегі балалар ауылдарына, жасөспірімдер үйлеріне және ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған мекемелерге бару тәртібімен танысты.
Іс-шара барысында этикалық өзара іс-қимыл, Қамқоршылық кеңестерімен ынтымақтастық, балалардың тамақтану сапасы мен тұрмыс жағдайлары, тауарларды бөлу тәртібі және бюджеттен тыс қаражаттың пайдаланылуын бақылау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Аталған вебинарлар ҰАТ мүшелерін кәсіби әрі жауапкершілікпен жұмыс істеуге даярлаудың маңызды кезеңіне айналды.