Омбудсмен институты мен Қорғаныс министрлігі ҚР Қарулы Күштерінде адам құқықтарын қамтамасыз ету шараларын жетілдіруде

Омбудсмен институты мен Қорғаныс министрлігі ҚР Қарулы Күштерінде адам құқықтарын қамтамасыз ету шараларын жетілдіруде

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әскери полиция гауптвахтасына қамалған әскери қызметшілерді ұстау жағдайларын жақсарту, сондай-ақ олардың құқықтарын халықаралық стандарттарға сай қамтамасыз ету мақсатында бірлескен жұмыс жүргізді.

Бұған дейін Омбудсмен Артур Ластаев Қорғаныс министрлігіне күдікті және айыпталушы әскери қызметшілердің өз қорғаушыларымен құпия жағдайда кездесуін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасауға назар аударуды ұсынған болатын.

Атап айтқанда, Уәкіл адамның негізгі құқықтарының бірі – әділ сот талқылауына және өзі таңдаған адвокатпен кеңесу құқығы екенін атап өтті. Бұл ретте қорғаушыға қорғалушы тұлғамен куәгерсіз кездесу және толық құпиялылық жағдайында — яғни көз алдында, бірақ гауптвахта қызметкерлерінің есту шегінен тыс сөйлесу мүмкіндігі берілуі тиіс.

Қазақстанда халықаралық стандарттардың сақталуын қолдай отырып, Қорғаныс министрлігі бұл ұсынысты қолдады.

Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі тиісті ішкі ведомстволық құжаттарға түзетулер енгізуді және сотталғандар мен олардың қорғаушылары арасындағы құпия кездесулерге арналған гауптвахта жайларын қайта жабдықтауды аяқтап жатыр.