Омбудсмен бас бостандығынан айыру орындарындағы медициналық көмек пен ізгілік қағидаттарын талқылады

Омбудсмен бас бостандығынан айыру орындарындағы медициналық көмек пен ізгілік қағидаттарын талқылады

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кеңсесінде Омбудсмен Артур Ластаевтың Сараптамалық кеңес хатшысы, қауымдастырылған профессор Мейрам Аюбаевпен және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

Жиын барысында сотталғандарға медициналық көмекті қамтамасыз ету, сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру тетіктерін қолдану мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша сотталғандардың құқықтарын қорғауға бағытталған нақты практикалық ұсынымдар әзірлеу мақсатында аталған мәселелерді Омбудсмен жанындағы Сараптамалық кеңестің кезекті отырысының күн тәртібіне енгізу туралы шешім қабылданды.