
ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің шешімімен Сараптамалық кеңестің қызметі қайта құрылып, жұмыс тиімділігін арттыру үшін жаңа форматта ұйымдастырылды.
Өзгерістер кеңестің құрамына және оның жұмыс тәртібіне тікелей әсер етті.
Кеңес мүшелерінің саны екі есеге қысқартылды. Бұрынғы шамадан тыс кеңейтілген құрылым кеңес қызметінің бюрократияға ұрынуына және адам ресурстарын тиімсіз пайдалануға себеп болған еді. Өкілеттік теңгерімін сақтау мақсатында оның құрамынан Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің өкілдері шығарылды. Енді Сараптамалық кеңестің құрамына, оның ішінде жауапты хатшы да бар, тек азаматтық қоғам мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері ғана кіреді.
Кеңес жұмысының форматы қайта қаралғандықтан, оның ішкі секциялары таратылды. Себебі олардың құрамында қайталанушылық жиі байқалған.
Бұдан былай барлық мәселелер тікелей кеңес отырыстарында қаралады деп күтілуде.
Қабылданған шаралар кеңестің жұмыс тиімділігін, шешімдердің мазмұндылығын және адам құқықтары саласындағы өзекті мәселелер бойынша ұсынымдардың сапасын арттыруға бағытталған.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты бұрынғы кеңес мүшелеріне құқық қорғау саласына қосқан елеулі үлестері үшін алғыс білдіріп, ынтымақтастықтың өзге форматтарында бірлескен жұмысты жалғастыру ниетін жеткізеді.