ТМД Комиссиясының отырысында Қазақстанның құқықтық сауаттылықты арттыру тәжірибесі таныстырылды

ТМД Комиссиясының отырысында Қазақстанның құқықтық сауаттылықты арттыру тәжірибесі таныстырылды

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының IV отырысы аясында құқық қорғау институтының өкілі халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және адам құқықтары мәдениетін қалыптастыру тақырыбында баяндама жасады.

Баяндамада Қазақстанның құқықтық ағарту ісіне қатысты кешенді тәсілі таныстырылды. Онда стратегиялық құжаттардан бастап, білім беру мен цифрлық форматтағы нақты бастамаларға дейінгі шаралар қамтылды. Атап айтқанда, мектептер мен жоғары оқу орындарында құқықтық білім беруді енгізу, цифрлық платформалар мен мобильді қосымшаларды пайдалану, жастармен жұмыс, соттөрелігінің ашықтығы және азаматтық қоғаммен тиімді диалог орнату бағыттары атап өтілді.

Баяндама қорытындысында өңірлік ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар бастама ұсынылды. Атап айтқанда, ТМД елдері арасында құқықтық мазмұндағы байқаулар мен жазғы мектептер ұйымдастыру, сондай-ақ қатысушы мемлекеттердің тілдерінде құқықтық ағартуға арналған бірыңғай платформаны іске қосу ұсынылды.

Қазақстан ұсынған тәжірибе құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы жүйелі тәсілдің үлгісі ретінде қатысушылар тарапынан оң бағасын алды.