«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңның 8-бабына сәйкес Омбудсмен жыл сайын өз қызметі туралы баяндама жариялайды.
2024 жылдың қорытындысы бойынша дайындалған баяндама Уәкіл жұмысының негізгі нәтижелерін, адам құқықтарын қорғау саласындағы түйінді сын-қатерлерді, сондай-ақ құқық қорғау жүйесін нығайту және жетілдіру жөніндегі қадамдар мен ұсынымдарды көрсетеді.
Сонымен қатар құжат өтініштерді талдауды, заңнамалық бастамаларды, алдын алу тетіктерінің тиімділігін бағалауды, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары саласындағы құқықтық ағарту жұмыстарының нәтижелерін, мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды, халықаралық ынтымақтастықты қамтиды.
Бұдан басқа, онда құқық қорғау институтының ғылыми-зерттеу қызметінің қорытындылары, әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері, Омбудсмен жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметі туралы мәліметтер көрсетілген.
Баяндаманың толық мәтінімен https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/documents/details/825810?lang=kk сілтемесі бойынша Уәкілдің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.