2025 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровпен кездесті

2025 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровпен кездесті

Кездесу барысында тараптар адам құқықтарын қорғау саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

А. Ластаев ұлттық құқық қорғау институтының даму перспективалары туралы айтып берді. Сондай-ақ Омбудсменнің жұмысына әсер еткен қызметтің негізгі бағыттары мен реформалары туралы ақпарат ұсынылды.

Мемлекет адам құқықтарын қорғаудың тиімді және сенімді кепілдіктерін жасауға ұмтылады және бұл ретте шешуші рөл адам құқықтарын қорғау институттарына тиесілі.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар адамның іргелі құқықтарын қозғайтын сабақтас мәселелер бойынша тығыз ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.