Түркістан облысында сот денсаулығына байланысты сотталушыны бостандыққа шығарды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің №55 түзеу мекемесіндегі сотталушының өтінішін қарады.
Апелляциялық шағымында арызданушы денсаулығына байланысты бас бостандығынан айыру орындарынан босатуға көмек көрсетуді сұраған – оған бауыр циррозы деген диагноз қойылған.
АҚЖУ өкілі Түркістан облысының прокуратурасы мен денсаулық сақтау басқармасына хат жолдады.
Нәтижесінде Төлеби аудандық соты сотталушының Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 75-бабының негізінде денсаулығына байланысты босату туралы өтінішін қарап, қанағаттандырды. Қазіргі уақытта ол үйінде.