Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл кеңсесінің басшысы Салтанат Тұрсынбекова Адам саудасына қарсы күрес альянсының конференциясына қатысты

Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл кеңсесінің басшысы Салтанат Тұрсынбекова Адам саудасына қарсы күрес альянсының конференциясына қатысты

Ағымдағы жылдың 15-16 сәуірінде Венада Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі альянстың 24-ші «Ақпараттандыруды тағы да арттыру: адам саудасының алдын алу тәсілдерін қайта қарау» атты конференция өтті. Онда осы саладағы инновациялық және бірлескен тәсілдердің маңыздылығы айтылды. Қарапайым ақпараттық науқандардан басқа, конференция адам саудасының қолданыстағы және жаңа түрлерінің алдын алу стратегияларын талқылауға арналды.

С.Тұрсынбекова 24KZ телеарнасына берген сұхбатында адам саудасымен сәтті күресу үшін біріншіден, профилактика субъектілерінің құзыретін нақтылау, екіншіден, ведомствоаралық өзара іс-қимылға назар аудару керектігін атап өтті. Сондай-ақ ол жәбірленушілердің құқықтарын заңда қарастыру керектігін баса айтты. Сонымен қатар ақпараттық-құқықтық ағарту іс-шараларын жүйелі түрде өткізу қажет, оны уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізіп, осы науқандарға ҮЕҰ-ды тартқаны жөн. Бесіншіден оқу процесі, оған да үлкен көңіл бөлу керек.

Конференция адам саудасына қарсы күрестің әртүрлі стратегиялары бойынша озық тәжірибелер және әзірлемелермен алмасу үшін бірегей алаң болды. Оған 57 елдің, 11 ынтымақтастық серіктестің өкілдері, сондай-ақ ірі халықаралық ұйымдардың, азаматтық қоғамның, кәсіби қауымдастықтардың, жеке сектордың және академиялық бірлестіктердің жетекшілері қатысты.

Қазақстан делегациясы конференцияға қатысушыларды еліміздің осы салада атқарған шараларымен, атап айтқанда, Парламент Мәжілісі 2024 жылғы 20 наурызда қабылдаған «Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасымен таныстырды.

Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталық адам саудасының алдын алу және еңбек мигранттарының құқықтарын қорғау мақсатында жұмыс істейді. Мәселен, жақында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің тапсырмасы бойынша Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау комитетінің отырысында еңбек мигранттарын құқықтық қорғауды күшейту және Қазақстандағы адам саудасының құрбандары тақырыбында баяндама жасалды. Баяндамада мигранттардың құқықтарының бұзылуына ықпал ететін және адам саудасына байланысты қылмыстардың жасалуының алғышарттары болып табылатын бірқатар жүйелік проблемалар атап өтілді, сондай-ақ бұл мәселені реттеу шаралары ұсынылды. Олардың қатарында аймақтық және жаһандық деңгейде трансшекаралық ынтымақтастық пен үйлестіру, мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы серіктестік, халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру бар.

Конференция барысында халықаралық серіктестер мен шетелдік әріптестер өзара пікір алмасып, тараптар одан әрі ынтымақтастық бағыттарын талқылап, бірлескен жұмыстың қадамдарын белгіледі.