Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мен Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мен Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

23 сәуірде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Ластаев пен Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Қ. Сейтжан өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумда адам және халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы өзара         іс-қимылды күшейту бойынша бірқатар мәселелер көзделген. Атап айтқанда, тараптар азаматтарды бірлесіп қабылдауға, мандатқа бағынатын мекемелер мен ұйымдарға баруға келісті. Сондай-ақ халықты құқықтық ағарту бойынша бірлескен дөңгелек үстелдер, форумдар, семинарлар, түрлі іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Меморандумға қол қою барысында А.Ластаев кез келген мемлекет адам құқықтарын қорғаудың тиімді және сенімді кепілдіктерін жасауға ұмтылатынын атап өтті.  Әрине, бұл мәселеде шешуші рөл құқық қорғау институттарына тиесілі.

Соңында тараптар халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтарын қорғау саласындағы тығыз ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.