Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің 2023 жылында атқарылған қызметі туралы баяндама жарияланды

Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің 2023 жылында атқарылған қызметі туралы баяндама жарияланды

«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңның 8-бабына сәйкес Омбудсмен жыл сайын өз қызметі туралы баяндама жариялайды.

Баяндамада ұлттық құқық қорғау мекемесінің атқарған жұмысы, әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша келіп түскен және қаралған шағымдар, заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғаммен және халықаралық серіктеспен өзара іс-қимыл туралы, сондай-ақ Уәкілдің Орталық кеңсесінің, оның өңірлік өкілдіктерінің жұмысы туралы ақпарат және бар мәселелерді шешу жөніндегі ұсынымдар көрсетілген.

Бұдан басқа, баяндамада азаптауға және қатыгездікке қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық алдын алу тетігінің жұмысы, құқық қорғау институты жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметі туралы мәліметтер көрсетілді.

Осыған байланысты 2023 жылғы жұмыс қорытындылары туралы баяндаманы жариялаймыз, оның толық мәтінімен мына сілтеме бойынша Уәкілдің ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/documents/details/648113?lang=kk.

Баяндаманың жекелеген үзінділері қосымша орналастырылатын болады.