Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің өкілі Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының техникалық миссиясымен кездесті

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің өкілі Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының техникалық миссиясымен кездесті

2024 жылғы 17-19 сәуір аралығында Қазақстанға БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының техникалық миссиясы келді. Сапардың мақсаты – кемсітушілікке қарсы кешенді заңнаманы әзірлеу бойынша практикалық нұсқауларды талқылау.

Техникалық миссияның құрамына АҚЖКБ жергілікті халықтар мен азшылықтар секторының адам құқықтары жөніндегі уәкілі Клод Кан, БҰҰ қарттар құқықтары жөніндегі тәуелсіз сарапшысы Клаудиа Малер, теңдік құқығы бойынша сарапшы және Тең құқықтар қорының директоры, АҚЖКБ-ның кемсітушілікке қарсы кешенді заңнаманы ілгерілету бойынша серіктесі Джим Фицджералд кіреді.

Делегацияның Астанаға сапары барысында олар Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың з

Заңнаманы жетілдіру бөлімінің басшысы Болат Бейісовпен кездесті.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің өкілі кемсітушілікке қарсы заңнама мәселесі бойынша елімізде қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратпен бөлісті. Ол адам құқықтарын қорғаудың ұлттық тетіктері мен институттарын нығайту және дамыту жөніндегі жүйелі жұмыс туралы, атап айтқанда, Конституциялық Сот құру, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтын нығайту, оның өкілеттіктері мен кепілдіктерін конституциялық деңгейде шоғырландыру, облыстық басқармалар, сондай-ақ бір күн бұрын Президент қол қойған тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейту және әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау туралы заң жайында баяндады.

Сондай-ақ, өткен жылдың желтоқсанында Мемлекет басшысы бекіткен адам құқықтары мен заңдылықты қамтамасыз ету саласындағы іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында қазіргі уақытта кемсітушілікке қарсы заңнама бойынша тұрақты жұмыс тобын құру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияның орындалу барысы да сөз болды.

Тараптар алдағы ынтымақтастық бағыттарын талқылап, бірлескен жұмыстың қадамдарын белгіледі.

Сапар барысында АҚЖКБ делегациясы мемлекеттік органдардың өкілдерімен, Парламент депутаттарымен және үкіметтік емес ұйымдармен кездесуді жоспарлап отыр.