Омбудсмен: Қылмыстандыру. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ықпал ететін факторларды алдын алуға және жоюға назар аудару

Омбудсмен: Қылмыстандыру. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ықпал ететін факторларды алдын алуға және жоюға назар аудару

«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заң Уәкілге Қазақстан Республикасында адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша арнайы баяндамаларды дайындау және тарату құқығын береді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев жұртшылыққа «Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыпта арнайы баяндама жасады. Бұл баяндама – қоғамдағы осы күрделі мәселемен қарсы іс-қимыл туралы күш-жігердің ажырамас бөлігі. Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы қылмыстардың ауқымы мен сипатын, құрбандарды қорғау бойынша қабылданған шаралар мен тетіктердің тиімділігін талдаудың, анықтаудың және бағалаудың маңызды құралы болып табылады. Бұл, сондай-ақ халықтың хабардарлығын арттыру және осы мәселеге тап болғандарға көмектесудегі маңызды қадам.

Баяндамада отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстық ахуал, халықаралық стандарттар мен осы құбылысқа қарсы тұрудың ұлттық тетіктері берілген. Сонымен қатар құжатта бізбен жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижелері мен Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы ұсыныстар да қамтылған.

Айта кетейік, 2024 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарына қол қойған болатын.

2023 жылғы қарашада Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кеңсесі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық конференция өткізді, оның барысында мемлекеттік органдармен, сарапшылармен, ҮЕҰ және дағдарыс орталықтарының өкілдерімен бірге тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға ықпал ететін негізгі факторлар талқыланды.

Нәтижелері бойынша заңнамалық түзетулер пакеті жасақталып, Парламентке жолданды. Атап айтқанда, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту, барлық уәкілетті органдар мен ұйымдарда отбасылық зорлық-зомбылық туралы арыздарды қарау нәтижелерін және қабылданған процестік шешімдерді көрсететін интеграцияланған деректер базасын құру, қылмыстық қудалау нысандарын қайта қарау бойынша шаралар ұсынылды.

Арнайы есепте «Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы» есептің статистикалық деректеріне, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпаратына сілтеме жасай отырып, құқық бұзушылықтар туралы статистикалық мәліметтер келтірілген. Мәселен, 2018-2023 жылдар аралығында отбасылық-тұрмыстық салада 5958 қылмыстық құқық бұзушылық жасалған.

Бұл ретте, отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың ең көп саны 2020 жылы – 1072, ең азы – 2023 жылы – 923 (13,8%-ға азайған) тіркелді.

Сондай-ақ құқық қорғау органдарының өтініш берушіден әкімшілік істерді қозғаудың анықтау тәртібіне өтуіне байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың күрт өсуі байқалды - 2023 жылы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты 66 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді, бұл ретте өткен жылдары олардың саны 30-38 мың шамасында болған

«2015 жылдың қылмыстық көрсеткіші қоғам тарапынан қатаң сынға алынды, өйткені қылмыстық-процестік заңнамасымен қарастырылып отырған әрекеттерді қылмыстық қудалау жеке жүргізілетін қылмыстар қатарына жатқызған. Яғни, жәбірленуші төбелестің кінәсі туралы дәлелдемелерді өз бетінше жинайды, арыз береді, сотта жеке айыптауды жүзеге асырады және т.б.

Негізі, осы сыннан кейін, менің ойымша, тұрмыстық зорлық-зомбылықты Әкімшілік кодекске «қайтару» туралы шешім қабылданды.

Бірақ мұндай жағдайлардың өзінде статистика отбасылық жанжалдардың салдарынан өлім-жітімнің айтарлықтай төмендегенін анық көрсетеді», - деді Артур Ластаев.

Айта кетерлік жайт, еліміздегі белгілі бір атышулы қылмыстарға байланысты қоғамда қылмыстық жауапкершілікті күшейту және отбасылық-тұрмыстық саладағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселелері қызу талқыланып жатыр.

«Сондықтан біздің ортақ күш-жігеріміздің назары тек санкцияларды қатайтуға ғана емес, сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларын болдырмауға және жоюға бағытталуы керек», - деп атап өтті Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

Қылмыстылық пен профилактикалық шараларды күшейту, сондай-ақ құқық қорғау және мемлекеттік органдардың дұрыс жұмыс істеуі отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмысты айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Уәкіл атап өткендей, әлеуметтік-экономикалық саладағы өзгерістер мен дағдарыстық құбылыстар, қоғамдық қатынастардың жекелеген тараптарын криминализациялау, тұрмыстық құқық бұзушылықтарды анықтайтын жаңа факторлар үнемі мониторинг жүргізуді, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқықтық актілердің модельдік заңнамаға және халықаралық стандарттарға сәйкестігін жетілдіруді талап етеді. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын ілгерілету мен отбасы мәселелері бойынша бірыңғай мемлекеттік орган құруды пысықтау да назардан тыс қалмауы қажет.

Баяндаманың толық нұсқасын келесі сілтеме бойынша оқи аласыз: https://www.gov.kz/uploads/2024/4/10/10b89acfc42a3dc0e7f4dab184f1c86a_original.11657711.pdf