Омбудсменнің Шымкенттегі өкілі сотталып шыққан азаматқа қарттар үйіне орналасуға  және құжаттарын қалпына келтіруге көмектесті

Омбудсменнің Шымкенттегі өкілі сотталып шыққан азаматқа қарттар үйіне орналасуға  және құжаттарын қалпына келтіруге көмектесті

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қалаласындағы өкіліне түрмеден босап шыққан, үй-күйсіз азамат келді. Оның қалада туыстары да жоқ, жалғыз қалған.

Қарттар үйі оны қабылдаудан бас тартқан. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі араласып, қажетті құжаттарды жинағаннан кейін ол мемлекеттік мекемеге орналастырылды. Оның жеке куәлігі жоқ екенін білген мамандар, құжатын қалпына келтіру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына жіберген.

Түзеу мекемесінен шыққаннан кейін ер адамның тұрғылықты жері де, тіркеуі де болмағандықтан, Шымкенттегі Халыққа қызмет көрсету орталығы оның құжаттарын рәсімдеуден бас тартады. Осылайша, жағдай қиындай түседі.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі өтініш берушіге тиісті құжаттарды жинауға және өңдеуге көмектесіп, Шымкент қаласы Көші-қон полициясы басқармасы мен Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына сұрау салуға бастамашылық жасады.

Нәтижесінде Абай аудандық ІІБ көші-қон қызметінің мамандары өтініш берушінің жеке куәлігін беру үшін құжаттандыру туралы өтінішін қабылдады. Өтініш қаралып, толық мақұлданды.