Көктем мен жаңару мерекесі – Әз-Наурыз құтты болсын!

Көктем мен жаңару мерекесі – Әз-Наурыз құтты болсын!

Құрметті достар!
Табиғат-ананың жаңаруын бейнелейтін тамаша мереке – Наурыз мейрамы құтты болсын!
Тіршілік атаулыға шуақ сыйлайтын бұл күн қуаныш пен өмірге деген сүйіспеншілікті, бізді қоршаған әлемнің сұлулығын, табиғаттың ауыспалы сипатын айшықтап, ең қатал қыстан кейін де көктемнің келетінін еске салады.
Тарихи тамыры тереңге бойлаған Әз-Наурызда бейбітшілік пен келісім, бірлік пен жасампаздыққа ұмтылыс, өзара құрмет пен мейірімділік көрініс табады.
Бұл құндылықтардың барлығы кең байтақ жерімізді мекен еткен көпұлтты халқымыздың арасындағы татулық пен достықты, тұрақтылық пен қонақжайлықты нығайтуға септігін тигізеді.
Ұлыстың ұлы күні әрбіріңізге амандық пен саулық, дастархандарыңызға молшылық тілеймін!
Егемен еліміз аман, жасампаз халқымыздың келешегі жарқын болсын!
Әз-Наурыз мейрамы құтты болсын!

Құрметпен,
Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
Артур Ластаев