Астаналық оқушыларға балалардың құқықтары туралы айтылды  

Астаналық оқушыларға балалардың құқықтары туралы айтылды   

20 наурызда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің өкілі мектеп оқушыларына дәріс оқып, Қазақстандағы Уәкіл институты және балалардың негізгі құқықтары туралы айтып берді.

Сарапшы оқушылармен бірге балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған негізгі құжаттарды, соның ішінде БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын зерттеді. Сонымен қатар, лектор интерактивті форматтың арқасында балаларға білімдерін бекітуге көмектесетін қызықты викторина өткізді.

«Балалардың өз құқықтары мен жалпы адам құқықтарын білуі міндетті. Мұндай іс-шаралар олардың қандай жағдайда құқықтары бұзылатынын және өз бетінше немесе ересектердің көмегімен өзін қалай қорғау керектігін түсінуге көмектеседі. Мектеп оқушыларының адам құқықтары саласында жақсы сауаты бар екенін байқатқанын атап өткім келеді және олардың қызығушылығын арттыру қажет», - деп атап өтті Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілі.

Қоғамды құқықтық тәрбиелеуге арналған мұндай іс-шаралар Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің тапсырмасы бойынша тұрақты негізде өткізіліп тұратынын айта кеткен жөн. Бұған дейін басқа мектептерде де дәрістер оқылса, Мақсұт Нәрікбаев атындағы университетте семинар ұйымдастырылды.

Уәкілдің өңірлердегі өкілдері құқықтық ағарту шараларын тек жастарға ғана емес, аға буын өкілдеріне де ұйымдастырады.

Еске салайық, өткен жылы құқықтық ағарту шараларымен 16 мыңнан астам қазақстандық қамтылды.