Уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі зауыт жұмысшыларына еңбек құқықтарын түсіндірді

Уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі зауыт жұмысшыларына еңбек құқықтарын түсіндірді

 

Халыққа құқықтық тәрбие беру жұмысы аясында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д.Жұмагелдин «Семейцемент» зауытының еңбек ұжымымен кездесті.

Зауыт - Семей қаласындағы ірі кәсіпорындардың бірі.

Кездесу барысында Омбудсмен өкілі жұмысшыларға «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңның нормаларын жан-жақты түсіндіріп, өкілдің өкілеттіктері туралы да айтып өтті.

Сонымен қатар, өкіл адам мен азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау саласында тығыз өзара іс-қимылға дайын екенін жеткізді, өйткені ақпараттық-түсіндіру жұмысының мақсаты – еңбек ұжымының әрбір мүшесінің өздеріне өкіл тарапынан көрсетілетін қолдауды түсінуі. Бұл еңбеккердің құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда аса маңызды.