Омбудсмен Артур Ластаев пен белгілі заңгер Айман Умарова азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесін талқылады

Омбудсмен Артур Ластаев пен белгілі заңгер Айман Умарова азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесін талқылады

Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында 7-наурыз күні Омбудсмен Артур Ластаев Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі, құқық қорғаушы Айман Умаровамен кездесті.

Басқосу барысында тараптар адам құқықтарын қорғау саласын, Үйлестіру кеңесі мен Ұлттық алдын алу тетігінің жұмыстарын талқылады, сондай-ақ азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау мүдделері үшін тығыз ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

Омбудсмен адам құқықтарын қорғау бойынша тиімді жұмыс құру үшін азаматтық қоғаммен және заң мамандарымен белсенді өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.

Шара соңында одан әрі бірлесіп жұмыс істеу үшін нақты қадамдар белгіленді.