1 наурыз – Алғыс айту күні

1 наурыз – Алғыс айту күні

Бүгін, елімізде көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күні атап өтіледі.

Бұл күн бір-бірімізге құрмет көрсететін, өзгелерге мейірім нұрын төгіп, жомарттық пен қамқорлық жасаушыларға ризашылық білдіру күні.

Тарихымыздағы ең ауыр кезеңдерде талайға пана болып, қиналғанды бауырына басып, барымен бөлісе білген мейірбан халқымыздың ерлігіне, кең пейіл ықыласына әрқашан алғысымызды айтамыз.

Баршаңызды осы мерекемен құттықтай келе, ынтымақ-бірлік,  татулық пен қуаныш тілейміз!