Омбудсменнің Шымкент қаласы бойынша өкілі Украина азаматына мүгедектікке қатысты құжатын рәсімдеуге көмектесті

Омбудсменнің Шымкент қаласы бойынша өкілі Украина азаматына мүгедектікке қатысты құжатын рәсімдеуге көмектесті

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкіліне Қазақстанда тұратын Украина азаматы хабарласты.

Арызданушы омыртқа ауруына байланысты 3-ші топтағы мүгедектігі барын, туған жеріне барып-қайтқанын айтты. Алайда, ол Қазақстанға көшкен кезінде бұл құжаттарын жоғалтып алған.
Ер адам өтінішінде жергілікті емханада емделіп жатқанын, өйткені оның тұруға рұқсаты бар екенін, алайда қолданылған хаттаманың ойдағыдай нәтиже бермей жатқанын жеткізген. Енді оған білікті медициналық көмек пен мүгедектікті анықтауға медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) алу үшін дәрігерлік тексеруге жолдама қажет.

Сонымен қатар, өтініш берушінің көру қабілеті де төмен: оның сол көзі мүлдем көрмейді, оң көзінде көру қабілетінің 30 %-ы ғана сақталған.

Уәкілдің аймақтағы өкілі көрсетілген фактілерді тексеріп, содан кейін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына өтініш жолданды.

Нәтижесінде, өтініш берушіге уақытша тұрғылықты жері бойынша емханада толық медициналық тексеруден өтуге және қаралуға, сондай-ақ стационарлық ем алуға мүмкіндік берілді.

Сараптама қорытындысы бойынша ер адам Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша МӘС департаментіне одан әрі сараптамадан өтуге жолдама алып, оған 5 жыл мерзімге бірінші топтағы мүгедектік тағайындалды.